Атышулы Жанқош Тұраров 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген боксшымен жұдырықтасады
344
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсететін Жанқош Тұраровтың қарсыласы белгілі болды.
WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған оның алдағы жекпе-жекте кімге қарсы жұдырықтасатыны анықталды. IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйекте AllStarsBoxing кешінде венесуэлалық Хесус Пинтоға қарсы жұдырықтасып, IBO World және WBA World Gold титулдарын қорғайды.
Еске сала кетсек, бұл кездесу жеңілістің дәмін татпаған қос кәсіпқой боксшы арасындағы жекпе-жек болмақ.
Жанқош Тұраров – шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...
12.09.2026
14:24
Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қа...
12.09.2026
13:18
Ирактан ұшырылған дрондар Сауд Арабиясындағы ір...