Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы мен екі мұғалім табылды

12.09.2026 17:16 Қарақат АСЫЛОВА
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы мен екі мұғалім табылды
333
Видеодан кадр

Алматы облысында Известковое шатқалында жоғалып кеткен тоғыз адам аман-есен табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Олардың арасында екі мұғалім мен жеті оқушы болған.

ТЖМ «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары, полиция, жедел жәрдем қызметкерлері мен еріктілер қатысты.

Жоғалғандарды іздеу кезінде жылу түсіретін камерасы бар дрон мен тікұшақ пайдаланылды. Таңертең іздеу тобы тікұшақтан байқалған.

Құтқарушылар жоғалғандарға жетіп, оларды қауіпсіз түрде автотұраққа дейін алып шықты. Оқушылар ата-аналарына тапсырылды.

Құтқарылғандардың ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған.

Войдите, чтобы оставить комментарий