Атышулы Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі өтпейтін болды
909
Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен бір кардта өнер көрсететін, WBA тұжырымы бойынша ең үздік 10 боксшының қатарында тұрған Жанқош Тұраровтың алдағы жекпе-жегі өтпейтін болды.
IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы 28 қыркүйекте AllStarsBoxing кешінде 16 жекпе-жегін нокаутпен жеңген Хесус Пинтоға қарсы жұдырықтасуға тиіс еді. Бірақ боксшы Instagram-дағы парақшасына өзінің жарақат алып қалғанын жариялады.
Ассалаумағалейкүм, достар! 28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу кезінде оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды. Қай уақытта болатынын алдағы күндері хабарлаймын, - деді Жанқош Тұраров.Айта кетсек, Жанқош Тұраров – шаршы алаңда 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен боксшы. Ол соңғы жекпе-жегінде жапондық Ахикиро Конданы төрешілер шешімімен ұтып, WBA Gold титулын жеңіп алған болатын.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
09:15
Параға планшет пен пеш: Астанада білім саласыны...
05.10.2026
09:05
«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер ...
05.10.2026
08:43
«Басқалар айта алмайды»: Песков Тоқаевтың Путин...
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...