«Кредиттен кредитке жүреміз»: Роза Әлқожа өнер иелерінің жасандылығы туралы айтты
Танымал әнші Роза Әлқожа сахна жұлдыздарының көпшілікке көріне бермейтін шынайы тұрмысы, жасандылықтан шаршаған қоғам туралы айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында көптеген әншілердің әлеуметтік желіде өмірдің тек жылтырақ тұсын көрсететінін, шын мәнінде қарыз бен несиеге белшеден батып жүргенін жасырмады:
«Көбісі әншілерді концерттен көп ақша табады деп ойлайды. Жалпы біз баймыз, бірақ ақша мен дүние жағынан емес. Алла Тағала жұрттың бәріне ақындық пен сазгерлікті бере бермейді, сол жағынан ғана баймыз. Әйтпесе несиеден несиеге өтіп жүргенімізді ешкім білмейді. Мен кредитсіз өмір сүре алмаймын. Біз ашылып сұхбат бермейміз, көбіне өтірік айтамыз. Керемет бақытты отбасы болып көрінуге тырысып, тек жылтыраған жағын жариялаймыз, себебі жұрттың бәріне ұнағымыз келеді», — деді әнші.
Сондай-ақ ол адамзат жасандылықтан шаршағанын жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
11:44
Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүр...
19.11.2026
11:36
"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қ...
19.11.2026
11:02
«Соққыдан өлмеген»: Жаңатаста вокзалда төбелест...
19.11.2026
10:55
Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбе...
19.11.2026
10:47
Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік БАҚ Тоқа...
19.11.2026
10:12
«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника...