Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
462
Қазақстанда биылғы күздің алғашқы қары жауды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақтөбе облысы мен еліміздің батысындағы бірқатар аудандарда қар жауып, әлеуметтік желілерде ақ ұлпа басқан көшелер мен жолдардың видеолары тарай бастады.
Әсіресе Ақтөбе облысының Хромтау және Мәртөк аудандарында қар қалыңырақ түскен. Жергілікті тұрғындар жариялаған кадрлардан жолдар мен аулалардың біртіндеп ақ көрпеге оранғанын көруге болады.
Синоптиктердің болжамынша, өңірде ауа райы әлі де құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түріндегі мол жауын-шашын күтіледі. Солтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Ауа райының нашарлауына байланысты полиция жүргізушілерді жолда барынша сақ болуға шақырды. Температураның төмендеуінен жол бетінде көктайғақ пайда болуы ықтимал.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады