Қазақстан мен ЕО елдері ауыл шаруашылығы саласындағы сауда ынтымақтастығын арттырады
619
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі Еуропалық комиссар Януш Войчеховскиймен агроазық-түлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Януш Войчеховский Қазақстанда инвесторлар үшін жасалған қолайлы жағдайларды атап өтіп, ЕО елдерінің екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады. Сондай-ақ өзара саудадағы кедергілерді жою және заңнаманы үйлестіру шараларына назар аударылды. Кездесу барысында Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы екіжақты тауар айналымының оң динамикасы айтылды. Жалпы, тартылған инвестициялардың 40%-дан астамы және Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30%-ы ЕО елдерінің үлесіне тиесілі. Бір жыл ішінде сауда көлемі 3,5%-ға өсіп, $41,4 млрд-қа жетті, оның $31 млрд-ы қазақстандық экспортқа тиесілі. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасында ерекше белсенділік байқалады: индикатор 13,4%-ға ұлғайды. ЕО елдеріне отандық өндірушілердің негізгі экспорттық тауарларына бидай, зығыр тұқымы, рапс, өңделген дәнді дақылдар және басқа да санаттар жатады. Жоғары деңгейде өңделген өнім экспортының үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.«Агроөнеркәсіптік кешен біздің экономикамыздың маңызды секторларының қатарына кіреді. Еліміздің сапалы және экологиялық таза органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру саласындағы әлеуетін, сондай-ақ Еуропа тарапынан артып келе жатқан сұранысты ескере отырып, біз қазақстандық тауарларды Еуропа нарығына экспорттау номенклатурасын кеңейту жөніндегі жұмысты жандандыруымыз қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
11:39
«Шу да, митинг те болмады»: Алматыда Ленин еске...
23.09.2026
11:37
Қазақмыс Жезқазғандағы кеншілерге заманауи жағд...
23.09.2026
11:14
«Басымнан тәж көргенімен, өзімді жауынгер сезін...
23.09.2026
11:08
Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесі тағайындалды
23.09.2026
10:50
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының алты мүшесі...
23.09.2026
10:28
Конституциялық сотқа 10 судья тағайындалды