Қазақстан мен Қытай Транскаспий халықаралық көлік бағытын бірге дамытады
264
Келісімге 2023 жылғы 17 қазанда Бейжің қаласында қол қойылған.
Мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялады
"Келісім автомобиль, теміржол және теңіз көлік түрлерін тиімді пайдалануды, жүктерді тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауды, сондай-ақ Дәлізге транзиттік қосымша көлем тарту үшін екі елде логистикалық орталықтарды дамытуды көздейді. 2023 жылдың соңында, Дәлізде жүк тасымалдау көлемі 2022 жылмен салыстырғанда 65%-ға өсті және 2,7 млн тоннаны құрады. Қазір Еуропадан Қытайға жүктерді осы дәліз арқылы жеткізу мерзімдерін қысқарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күннің өзінде Азиядан Еуропаға транзитпен жүктерді мерзімі 18 күнге дейін қысқартылды, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 6 күнді құрайды", - деді Көлік министрі Марат Қарабаев Мәжілістің жалпы отырысында.Айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе жылдам. Құжат Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды көздейді. Екі ел арасындағы жүк тасымалдау көлемі ұлғаяды деп күтіліп отыр.
Соңғы жаңалықтар
15.03.2026
17:47
Атыраудағы қанды оқиға: Сұлтан Сәрсемалиевке қа...
15.03.2026
16:39
16:00-дегі дерек: Референдумға 8 миллионнан аст...
15.03.2026
15:36
«Кейін өзіңіз өкініп қаласыз»: Қазақстанның сыр...
15.03.2026
14:27
«Тоқаевқа жасаған таңдауым ешқашан өзгермейді»:...
15.03.2026
13:12
Тоқаев Вице-Президент лауазымына қатысты қауесе...
15.03.2026
12:00
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бой...