Қазақстандықтарға 8,5 миллион және 3,7 миллион теңгеден таратылады
351
Біріншіден, егер аса тапшы, тар (узкий) мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге барса, онда оған ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі. Биыл бұл сома 8,5 миллион теңгені құрайды.
Өйткені 2024 жылы ЕТЖ – 85 мың теңге. Әйтсе де, ең төменгі жалақы мөлшері жыл сайын өсіп отырады.
Екіншіден, жаңа заңмен "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы тағайындалды. Медицина қызметкерлері құрметті атақпен бірге 1 000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алады. 2024 жылы бұл төлем көлемі 3 692 000 теңгені құрайды.
Үшіншіден, жыл сайын "Мамандық бойынша үздігі" атты республикалық конкурс өткізіледі. Оның жеңімпаздарының бәріне 500 АЕК немесе биыл 1 млн 846 мың теңгеден біржолғы ынталандыру сыйақысы таратылады.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
23:29
Петропавл маңында жойқын өрт шықты: 110 адам ті...
11.09.2026
23:08
Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын...
11.09.2026
22:00
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қаза ...
11.09.2026
21:16
Ерлан Қарин қоғамдағы тәртіп пен құндылықтар мә...
11.09.2026
20:06
Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен ш...
11.09.2026
19:43
Астанада полицияға шағымданған әйелдің өзі жауа...