Бұрынғы әйелін аңдып, шанышқымен қорқытқан қазақстандыққа сот үкімі шықты

28.06.2024
09:52
0
172
Абай облысында ер адам бұрынғы әйелінің түнде екі баласын үйде қалдырып, кафеде отырғанына ашуланған. Кафеге келіп жанжал шығарған ер адамға қатысты сот үкімі шықты,-деп хабарлайды politico.kz
Үржар ауданының 36 жастағы тұрғыны бұрынғы әйелінің түнде кафеге барғанын біліп, мекемеге келген ол кәмелетке толмаған екі баласын үйде жалғыз қалдырғанына ашуланып, үстел үстіндегі шанышқымен бұрынғы әйелін қорқытқан. Құрбысының денсаулығына алаңдаған қасындағы әйелдер дәмхана әкімшілігі мен полиция қызметкерлерін шақырған. Ер адам Қылмыстық кодексінің 115-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған. Сот жаза тағайындау кезінде ер адамның кінәсін толық мойындағанын, жәбірленушіден кешірім сұрағанын, оның үшінші топтағы мүгедек екенін ескерді. Ол 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды."Сотталған азамат ауылдық округ әкімдігінде сыпырушы болып жұмысқа орналасқан, ол бүгінге дейін сот белгілеген 30 сағаттан астам жұмыс істеді", - деді Үржар аудандық полиция бөлімінің инспекторы Елдос Ерденбеков.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

13.07.2025
14:04
Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі жайлы жазды

13.07.2025
13:27
Мейрамбек Бесбаев Мальдив аралдарында демалып ж...

13.07.2025
12:57
Қабатовтың «екінші әйелінің» мәлімдемесі тарады

13.07.2025
12:21
Раймның бұрынғы сүйіктісі ұзатылды

12.07.2025
17:14
Үндістандағы ұшақ апатының нақты себебі анықталды

12.07.2025
16:08
"Бәрінен шаршадым...". Аша Матай күтпеген мәлім...