Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі жайлы жазды

Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігі жайлы жазды
13.07.2025 14:04
0
96
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial

Қайрат Нұртастың әйелі, танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде жүктілігі жайлы бөліскен соң, түрлі жағымсыз пікірлер ала бастаған, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Instagram желісінде жүктілігі туралы ашық айтып жүрген Жұлдыз Әбдікәрімоваға құттықтаулармен қатар келемежге толы пікірлер де келіп түскен. Ол жақында жариялаған жаңа жазбасында өзіне жолданған бірнеше пікірдің скриншотын салып, оқырман назарына ұсынды.

«Жүктілік сізді қатты қартайтып жіберген сияқты», «Бетіңіз боп-боз. Билирубиніңіз қалыпты ма?», «Көз астында көгерген ізі бар. Жіп салдырдыңыз ба?», «Шашыңыз өсіп кеткен. Стилистке бармағалы көп болған ба?», - деп жазды олар.

Актриса бұл пікірлерге жауап қатпастан, ешкімді айыптамай, бар болғаны скриншотты жариялап, оқырмандарын ойланып көруге шақырды: неліктен кейбіреулер жүкті әйелді сынауға бейім?

«Мына пікірлерге қарап, адамзаттың мейірімге, түсіністікке зәру екенін түсінуге болады. Жүктілік — әйел өміріндегі ең нәзік, ең құнды кезең. Мұндай сәтте сынау емес, қолдау қажет», – деп жазды оқырмандарының бірі.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий