"Бәрін ақшамен шешеді": Марқұм Шерзат Болаттың әкесі
2859
Марқұм Шерзат Болаттың әкесі БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Хутор бандалары туралы біраз шындықты жайып салды.
Бұл жерде ешқандай әділдік ала алмаймыз, алынбайды да. Талғардағы полиция жемқорлыққа әбден бейімделіп алған. Жылда “Хутордың” өкілдері адам өлтіреді. Жәбір көргендердің жақындары үйге келіп айтып жатыр. Біреулердің тал түсте көзін ойып алған, біреуін атқан, біраз қыздарды зорлаған. Бала кезден білеміз, “Хутордан” бәрі қорқады”. Себебі олар шакал сияқты, пышақ сұғады, атады, артында ешқандай жазалау болмаған соң емін-еркін жүре береді. Бәрін ақшамен шешеді, – дейді марқұмның әкесі.Марқұмның әкесінің сөзінше, жаназа болған күні “Хутор бандасының” адамдары келіп, қорқытып кеткен. “Ұлыңның жанынан көріңді қаза бер деп айтты” дейді.
Жаназа болып жатқан кезде маған біреу “заңгердің көмекшісімін, сізбен сөйлесемін деп жатыр” деді де, телефонын берді. Алсам, “түрмеден Еркошпын, жігіттердің ағасымын. Тыныш жүр” деді. Мен “соңына дейін барамын. Түрмеде болсаң әрі қарай отыра бер” дедім. Жаназаға келген жігіттер көңіл айтқан болып, сөйлесеміз деп бейітке алып кетті. Сөйтсем олар “Хутордың” жігіттері екен. Бейітті көрсетіп, “тыныш жүрмесең, балаңнын жанынан көр қазып дайындап қоюыңа болады” деп ескертіп кетті. Оларға қан төгілгенін қаламаймын, әділ шешіммен соңына дейін барамын деп айттым, – деді марқұмның әкесі.
Последние новости
07.03.2026
13:54
Иран көрші елдерге соққы жасауды тоқтататынын м...
07.03.2026
13:18
Маңғыстауда әскери техника тиелген пойыз жұртты...
07.03.2026
13:12
Аналарға үлкен қолдау: Тоқаев маңызды өзгерісті...
07.03.2026
12:16
Нахчывандағы шабуыл: Әлиев Тоқаевқа қолдауы үші...
07.03.2026
11:33
«Үлкен мәртебе»: Тоқаев екібастұздық полицейді ...
06.03.2026
23:11
Ақтауда адам өлтірді деген әке мен бала “СВО”-ғ...