Беларусь ресми түрде ШЫҰ-ға мүше болды
257
9 елдің басшысы арнайы құжатқа қол қойды.
Осылайша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін мемлекеттердің саны 10-ға жетті.
Айта кетейік, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті басталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Іс-шараға Қазақстан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзербайжан, Қатар, Түркия және Түрікменстанның Мемлекет пен Үкімет басшылары, БАӘ-ден Рас әл-Хайма әмірлігінің әмірі, Үндістанның Сыртқы істер министрі, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысуда.
Саммитке сонымен қатар БҰҰ Бас хатшысы және ТМД, ЭЫҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ, ЕЭК және АҚИҰ сияқты халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылған.
ШЫҰ саммиті алғаш рет «ШЫҰ-ға мүше Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы» және «ШЫҰ+» кездесуі форматында өтуде.
Материалды қолданған жағдайда, бастапқы 1 немесе 2-сөйлемде malim.kz сайтына гиперсілтеме беруіңізді сұраймыз. Авторлық құқықты құрметтегеніңізге алғыс айтамыз.
https://malim.kz/article/politics/astanada-syu-sammiti-bastaldy-23034
Соңғы жаңалықтар
02.07.2026
11:29
«Артында көз жасымыз бар»: Мөлдір Мұқан қуаныш...
02.07.2026
11:22
Жамбыл облысында әріптесінің үйін тонаған мұғал...
02.07.2026
11:19
Алматы-Қорғас тасжолында үш адамның өмірін қиға...
02.07.2026
10:36
Сұлтан Сәрсемәлиев әйеліне қалай опасыздық жасады?
02.07.2026
09:48
«Ажырасу оп-оңай болды»: Ләйлә Сұлтанқызы отба...
02.07.2026
09:31
Алматы облысында адамдар эвакуацияланды