Алматы облысында адамдар эвакуацияланды
Нөсер жауын-шашын салдарынан Түрген шатқалындағы Түрген өзенінде су деңгейі күрт көтерілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Салдарынан Түрген - Ассы автожолының жекелеген учаскелерін су шайып кетті. Су басқан аймақта 17 киіз үй орналасқан. Сонымен қатар, «Водник» бау-бақша серіктестігіндегі төрт аула аумағын су басты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ТЖМ құтқарушылары 58 адамды, оның ішінде 21 баланы және 8 шетел азаматын эвакуациялады. Эвакуацияланған азаматтар үшін ТЖМ-нің вахталық көлігі ұйымдастырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде, сел қаупі бар жағдайға мониторинг жүргізіліп, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. Жағдай ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.
Салдарды жою жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар және өзара іс-қимыл жасайтын қызметтердің 300-ге жуық жеке құрамы мен 44 техникасы жұмылдырылды.
Соңғы жаңалықтар