«Артында көз жасымыз бар»: Мөлдір Мұқан қуанышты жаңалығымен бөлісті
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тұңғыш қызы Әдемі Тұрсынбекқызы Дубайдағы үздік жоғары оқу орындарының бірін бітіріп, дипломын қолына алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қуанышты жаңалықты өнер иесінің жары Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, қызына жылы лебізін білдірді.
«Тұла бойым тұңғышым дипломын алды. Шүкір, осы күнге де жеттік! Адемок, сен білесің, бұл диплом бір жапырақ қағаз боп тұрғанымен, оның артында екеуміздің сабырымыз, көз жасымыз, сенің үлкеен еңбегің бар! Көзіңдегі отың сөнбесін! Алла ғұмыр, денсаулық, күш-қуат берсін, мен әр белесіңде жаныңнан табыламын! Саған сенемін! Барлық аналардың қуанышы баянды, қыздарының жолы ашық болсын!», – деп жазды Мөлдір Мұқан.
Желі қолданушылары мен оқырмандар өнер иелерінің отбасын айтулы қуанышымен құттықтап, ақ тілектерін жаудыруда.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.11.2026
17:13
Тоқаев әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның қата...
14.11.2026
16:28
Ақтаудағы түрмеде шу шықты: Бейнебақылау камера...
14.11.2026
15:26
Жүргізушісі есінен танып қалған: Теміртауда жол...
14.11.2026
14:19
2023 жылы із-түзсіз кеткен ер адамға не болғаны...
14.11.2026
14:16
Басшысы ұсталған ҚТЖ тергеуге көмектесетінін мә...
14.11.2026
14:04
Ғылымға бөлінген миллиардтар: «Заң мен тәртіп» ...