Бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек: анасы болуы мүмкін әйелдің қолхаты табылды

0
9425

Тележурналист Қымбат Досжан архив құжаттарынан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің қолхаты табылғанын айтты. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қымбат Досжанның айтуынша, бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек ауысып кеткен болуы мүмкін.

Журналист Арқалық және Атбасар қаласының халқынынан көмек сұрап, Батталова Жанна Бекенова есімді адамға іздеу салатынын хабарлады.

Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін Жазираның ДНҚ сараптамасы 0 пайыз сәйкестік көрсеткенін, сол сияқты Жанна мен Жазираның балалары ауысып кетуі ықтимал екенін айтады. Сондай-ақ екі ананың перзенті бір күнде балалар үйіне тапсырылған.

«Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы: Табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар. Естеріңізге салсақ, Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған «Жазира» былтыр желтоқсанда табылды. Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз жедел жәрдеммен барып, босанып баланың есімін «Жәнібек» деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр», – деп жазды Қымбат Досжан.


ПІКІР ЖАЗУ