Бердімұхамедовтер Ердоғанның ұлына алабайдың екі күшігін сыйлады
998
Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов пен халық мәслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Тәуелсіздік күні қарсаңында Ашхабадқа келген шетелдік қонақтарды жеке қабылдады. Бұл туралы Хроники Туркменистана басылымы хабарлады.
Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстандағы спорттың дамуын Түркия президентінің ұлы, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоғанмен талқылады.
Мерекелік сыйлық ретінде Бердімұхамедовтер қонаққа алабайдың екі күшігін сыйлады. Сондай-ақ оған Аркадак қаласы да көрсетілді.
Бердімұхамедов Билал Ердоғанмен спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруды талқылады. Түрікмен ұлттық спорт ойындары орталығының мүшесі саналатын Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының халық ойындарын жандандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқаны да атап өтілді.
Соңғы жаңалықтар
23.09.2026
15:41
Тоқаев Қошановты Халық кеңесінің төрағалығына н...
23.09.2026
15:39
Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жаңа қызмет...
23.09.2026
15:29
Танымал әнші өз үйінде қарулы шабуыл жасап, қыз...
23.09.2026
15:13
Қошанов Халық Кеңесінің төрағасы болды
23.09.2026
15:10
7 жылда Қазақстанда не өзгерді: жалақы, экономи...
23.09.2026
14:23
Тоқаев Халық Кеңесінің төрағалығына Қошановты ұ...