Бірнеше өңірде мектептерде 1 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
Бірнеше айдың ішінде 36 білім беру ұйымында 1 млрд теңгеден астам сомаға ұрлық жасау фактілері анықталған, деп хабарлайды Politico.kz.
Қаржы министрлігі ақша ұрлаудың көп тараған әдісін атады: қосарлы (екі түрлі) есепке алу мен еңбекақыны асыра бағалау.
№48 Ақтөбе орта мектебінің құжаттарында есепшінің жалақысы жылына 700 мың теңгеден сәл артық болғаны жазылса, іс жүзінде оның картадағы шотына ай сайын шамамен 3-5 млн теңгеге дейін аударылып келген, – делінген хабарламада.
Екінші кең таралған алаяқтық – жалған қызметкерлерге ақша аудару. Құжаттар бойынша жалақы бірқатар адамға жіберіледі. Ал шындығында оны басқа тұлғалар кәдеге жаратып отырған.
Қарағандының №33 балабақша кешен-мектебінде ондаған қызметкерге қаражат аударылғанымен, тиісті ақшаны екі есепші карталарына аударту арқылы иемденіп келген. Келтірілген шығын мөлшері – 207,4 млн теңге, – делінген хабарламада.
Үшінші заңсыз амал – бюджет қаражатын әдеттен тыс жоғары мөлшердегі сомамен аудартуды қайталау.
Петропавл қаласының №42 орта мектебінің бас есепшісі мен информатика пәнінің мұғалімі 2023 жылы айына 3 реттен артық жалақы алып отырғаны әшкере болды. Бұдан келген шығын көлемі – 69 млн теңге, – делінген ақпаратта.
Министрлік мемлекеттен бөлінетін қаражатты басқару саласындағы ашықтық пен айқындылықты арттыру, сондай-ақ аудитті күшейту, қаржылық есептіліктің неғұрлым қатаң және тиімді жүйелерін енгізу мемлекеттік бағдарламаларды жақсартып, әлеуметтік салаға арналған инвестицияларды ұлғайтуға мүмкіндік беретінін жеткізді.
Фото: egemen.kz