Бишімбаев Салтанаттың отбасына өтемақы төлейтін болды
442
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық шығынды өтейді.
Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында Айтбек Амангелдінің жауапкер Қуандық Бишімбаевтан материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы талабымен іс қаралды.
"Ағасы қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығы нашарлағанын және қайғылы оқиғаға байланысты еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын көрсеткен. Марқұмның ата-анасы талап қоюшының пайдасына өндіруден бас тартқан. Талап қоюда қылмыстық іс аясында заң қызметтеріне төлеуге кеткен шығындар да талап етілді. Сот жақын туысының қайтыс болуы талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талапты ішінара қанағаттандырды", – деп жазылған хабарламада.
Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
10:12
«Кедей қазақтар» деген сөзі үшін: Алматыда ресе...
12.09.2026
09:20
«Арқасында күйік болды»: Атырау облысында ұлы а...
11.09.2026
23:29
Петропавл маңында жойқын өрт шықты: 110 адам ті...
11.09.2026
23:08
Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын...
11.09.2026
22:00
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қаза ...
11.09.2026
21:16
Ерлан Қарин қоғамдағы тәртіп пен құндылықтар мә...