Бұрыш балонын шашқан жасөспірім 2 айға қамауға алынды, оған екі бап бойынша айып тағылды
288
Ақтөбеде балалардың бетіне бұрыш балонын шашқан жасөспірімді сот екі айға қамауға алды. Оған екі бап бойынша айып тағылғаны мәлім болды,-деп хабарлайды politico.kz
Кеше, 10 шілдеде 16 жастағы жасөспірім мамандандырылған тергеу сотына әкелінді. Оған қатысты бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхат түскен. Мамандандырылған тергеу сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жасөспірім мас күйінде басқа кәмелетке толмаған баланың кроссовкасын ұрлап, оған 16 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Осыдан кейін жасөспірім бұзақылық ниетпен балалардың бетіне бұрыш балонын шашқан. Мұның бәрін өзі видеоға түсірген. Сотта жеткіншектің елден тыс жерде жасырынбақ болғаны, бірақ Батыс Қазақстан облысының аумағында ұсталғаны айтылды."16 жастағы жасөспірім басқа елдің азаматы болып шықты, сот ол бостандықта жүргенде қылмыстық жауапкершіліктен жалтару үшін қылмыстық қудалау органы мен соттан жасырынуы мүмкін деп шешті. Оған қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген материалда.
Соңғы жаңалықтар
27.03.2026
20:22
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовқа Астанадан...
27.03.2026
19:21
Көкшетауда әйел 80 адамды “шетелге жұмысқа кірг...
27.03.2026
18:29
Ресейдегі жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
27.03.2026
17:25
«Мені «қазақ» деп күндеп, ажырастырды»: 5 жылға...
27.03.2026
16:55
Халыққа жағдайы жоқ жатақхана сатқан депутаттар...
27.03.2026
16:27
Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасын өлтір...