Астанада бұрынғы әйелін өртеп жібермек болған ер адамға сот үкімі шықты
Астанада бұрын бірге тұрған әйеліне қызғаныш салдарынан күш көрсетіп, оның өміріне қауіп төндірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы елордалық прокуратура хабарлады.
Сот материалдарына сәйкес, ер адам әйелдің жұмыс орнына бөтелкеге құйылған жанғыш сұйықтықпен барған. Ол бұрынғы серігін қайтарамын деген ниетпен оны өртеп жіберемін деп қорқытқан.
Кейін ер адам әйелдің үстіне жанғыш сұйықтық төгіп, оның өміріне нақты қауіп төндірген. Мемлекеттік айыптаушы сотта оның кінәсін дәлелдеді.
Сот шешімімен ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Сонымен қатар оған жәбірленушіге жақындауға тыйым салуды қоса алғанда, бірқатар ерекше талап қойылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
07.11.2026
17:16
Астанада әзілкешке сахнадағы сөзі үшін айыппұл ...
07.11.2026
16:35
Бас дәрігерлердің білімі сынға түсті: 47 медици...
07.11.2026
16:16
«Қазақмыс» 2026 жылы тоғыз елді мекенде 8 мыңна...
07.11.2026
15:31
«Қызылжар» футбол клубының бұрынғы президенті Г...
07.11.2026
15:30
Өскеменде өрттен кейін үйінді астынан әйелдің м...
07.11.2026
14:32
ҚазҰУ-дың студенттік қалашығында бірінші курс с...