Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағдайы күрт нашарлады

Маңғыстауда балықтан уланған төрт адамның жағдайы күрт нашарлады
Ашық дереккөз

Маңғыстау облысында үй жағдайында дайындалған ысталған балықты тұтынған төрт адам ботулизм белгілерімен ауруханаға түсті, деп хабарлайды Politico.kz.

Қазір олардың жағдайы асқынып, дәрігерлер бақылауында. Науқастарға медициналық көмек көрсету үшін облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасымен Астанадан инфекционист пен реаниматолог мамандар арнайы шақыртылды.

Lada.kz мәліметінше, науқастардың жағдайы облыс әкімінің жеке бақылауында. Ауруханаға түскендердің үшеуі – ересек адам, ал біреуі – 2016 жылы туған бала. Ересектер облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Бала балалар ауруханасына жатқызылған.

Жергілікті дәрігерлер науқастарға қажетті медициналық көмекті көрсетіп, астаналық мамандармен тұрақты түрде онлайн кеңес өткізіп отыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу