«Багажымда бомба бар»: Шымкент әуежайында мас жолаушының сөзі жұртты шошытты
Шымкент әуежайында багажында жарылғыш зат бар екенін айтып, жалған хабар таратқан жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға 21 қыркүйекте болған. Астанаға ұшатын рейске тіркелу кезінде жолаушылардың бірі өз багажында жарылғыш құрылғы бар екенін мәлімдеген. Сол сәтте ер адамның алкогольдік ішімдік ішкені анықталған.
Әуе компаниясының қызметкерлері жолаушыны рейстен бірден түсіріп, көліктегі полиция қызметкерлеріне тапсырған. Тексеру барысында оның айтқаны расталмай, багаждан ешқандай жарылғыш құрылғы табылмаған. Әуежайда эвакуация жүргізілген жоқ.
Сот ер адамды қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
14:21
"Үш-төрт әйел алуға мүмкіндік бар": Төреғали Тө...
09.11.2026
14:20
Тоқаев Азия ойындарының чемпиондарын орден-меда...
09.11.2026
14:07
Тоқаев Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдег...
09.11.2026
13:55
Қазақстан мен Қытай цифрлық деректерді бірге са...
09.11.2026
12:33
«Қазақ тілімен қатар қолданылады»: Абаев еліміз...
09.11.2026
12:32
«Жүректі сыздатқан қаза...»: Руслан Өтепбай ел ...