«Былық көп»: Сәкен Майғазиевтің інісі бастаған әншілер тобы қалай тарады?
0
897
Жастар арасында кезінде аса танымал болған «До-Мажор» тобының бұрынғы әншілері Роман Майғазиев пен Ермек Мұқашев «Астарлы ақиқат» бағдарламасында ұжымның тарауына не себеп болғанын айтты.
Олардың бірі өнерден кеткен соң саудаға бет бұрса, екіншісі денсаулығына байланысты шығармашылығын тоқтатқан.
Қазір хитпен санасатын заман болып кетті ғой. «Хит әнің болмаса, жоқ» деген сияқты. Карантин кезінде базарға, саудаға қарай бет бұрып кеттім. Інім екеуміз дүкен ашқанбыз. Соған көмектескенмін. Оған дейін мемлекеттік қызметте болдым. Көркемдік жетекші, мәдениет пен спорт бөлімінің басшысы болдым. Бірақ мемлекеттік қызмет менің шығармашылығыма келмеді. Той мен концерттерде жүрдік. Арасында киноға да түстік, - деді Роман Майғазиев.Сонымен қатар әнші «До-Мажор» тобының тарауына не себеп болғанын ашып айтты.
Топты ұстап қалу – қиын нәрсе. Оның себебі көп. Ақшаның үшке бөлінуі. Әнге қатысты талғам жөнінде мәселелер болды. Біз жеке әнші ретінде өнер көрсеткен дұрыс екенін түсіндік. Солай шешіп, топты таратып жібердік. Үш адамға шығын көп болып кетті, - деп түсіндірді Роман Майғазиев.Оған қоса бағдарламаға «До-Мажор» тобының тағы бір бұрынғы әншісі Ермек Мұқашев те қатысты. Ол топтан денсаулығына байланысты кетуге мәжбүр болған. Нақты айтқанда, қатерлі ісікке шалдыққан.
Халықтың қошеметі деген – қиын нәрсе. Сол адамды өзгертеді. Адамдарда тұрақтылық пен жауапкершілік болмайды. Түсірілімдерге кешігіп келе салады, ұйықтап қалады. Тойдың ақшасын алып, бармай қояды. Одан адам шаршайды. Кімді сүйреп жүресің? Арамызда келіспеушіліктер болғаны рас. Әркім өз кемшілігін өзі біледі. Мен топтан денсаулығыма байланысты кеттім. Топқа қарайтын шамам болмады. Тіпті келіншегіме де қарай алмадым. «До-Мажор» тобының тарауына 3-4 ай қалғанда жұтқыншағымнан қатерлі ісік анықталды. Шығармашылығым тоқтап қалды. Ол кезде топта былық көп болып кетті. Бұлай ауырып жатқанда әйелің де, бала-шағаң да керек болмай қалады екен. Бастысы үміт, талпыныс пен тәртіп екен. Дәрігердің айтқанының бәрін істеп, 6 айда толықтай айығып шықтым, - дейді Ермек Мұқашев.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
05.01.2026
14:01
"Көрші елде нөмір қосылған": Атырауда жоғалған ...
05.01.2026
13:59
Түрме басқарған түрмеге түсті
05.01.2026
13:09
«Оразаның соңғы 10 күнінде Алладан сұрап алдым»...
05.01.2026
12:43
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелінен туған бала...
05.01.2026
12:30
Қайтыс болған ағасының отбасына үй алып берген ...
05.01.2026
12:11
«Жазасын өтеушілерге жағдай жасаған»: Павлодар ...