Демеу Жадраевқа, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа грант берілді

03.09.2024
19:42
0
304
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Париж Олимпиадасының күміс және қола жүлдегерлеріне тегін грант берді.
Айта кетері, Париж Олимпиадасында ел қоржынына түскен жеті медальдің бесеуін академия түлектері иеленген. Осыған байланысты оқу орны Олимпиада жүлдегерлерін 1-курс студенттерімен кездесуге шақырған.
«Бұл - білім ордасы үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш. Сондықтан Демеу Жадраев, Нариман Құрбанов, Ғұсман Қырғызбаев, Назым Қызайбай, Ислам Сәтбаев секілді спортшылардың есімдері енді білім ордасының Олимпиада жүлдегерлері стенд тақтасына алтын әріппен жазылады. Ел мақтанышына айналған спортшыларымыз оқуға енді қабылданған 1-курс студенттері мен өзге де ізбасарларына ақыл-кеңестерін айтып, үлкен мотивация берді», - деп жазды академия өз парақшасында.
Ал Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыстаған.
«Практика жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал артымыздан ерген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар»,- деді Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадраев.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен Демеу Жадраев «күміс», спорттық гимнастикадан Нариман Құрбанов «күміс», ал Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан «қола» медаль жеңіп алды.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

16.10.2025
12:48
Бектеновке берілген 48 сағат: Тоқаев нені өзгер...

16.10.2025
12:42
Қайрат Нұртас әкесінің 60 жылдық мерейтойында т...

16.10.2025
12:32
Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Әлиев келеді

16.10.2025
12:26
«Kaspi Bank»-ке «Иса пайғамбар» келіп, қазақтар...

16.10.2025
12:12
"Қазақстанда Ресей мұрасын насихаттағаны үшін":...

16.10.2025
11:54
Халықты алдап байыған блогерлер сотталуы мүмкін