Елдос Сметов мансабын аяқтағысы келмей қалды
887
2024 жылғы Париж Олимпиадасында дзюдодан чемпион атанған Елдос Сметов енді 4 жылдан кейін Лос-Анжелесте өтетін дүбірлі додаға дайындалатынын айтты, деп хабарлады politico.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін Олимпиада алтынын алып, спорттағы карьерамды аяқтағым келді. Алайда Демеу Жадыраев 34 жасында Олимпиада ойындарында күміс медаль алғаннан кейін ойым өзгерді. Демеу мүмкін емес дүние жоғын дәлелдеді. Лос-Анжелесте өтетін Олимпиадаға дайындалып, көк туымызды тағы да биікке көтергім келеді, - деді Елдос Сметов.Айта кетсек, ол бұдан бұрын мансабын аяқтау жөнінде әлі шешім қабылдамағанын айтқан болатын. Париж Олимпиадасында Елдос Сметов финалда татами иесі, франциялық Лука Мхидзені жеңген еді. Ал жартылай финалда әлем әрі Еуропа чемпионы, испаниялық Франсиско Гарригосты ұтқан болатын. Жалпы, ол 2016 жылы Рио де Жанейро Олимпиадасында күміс, 2020 жылы Токио Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған. Фото: Olympic.kz/ Сали Сабиров
Соңғы жаңалықтар
22.09.2026
14:49
Бажкенованың шағымы қанағаттандырылмады: 8 жылд...
22.09.2026
14:22
Бір видео – екі қызметкердің жұмыстан кетуі: ІІ...
22.09.2026
14:07
Үкім өзгеріссіз қалды: Блогер Әділетхан Молдаха...
22.09.2026
13:41
«Қазақмыс» пен ENFI өндірісті жетілдіру жолдары...
22.09.2026
13:27
Халық Кеңесі Астанада алғаш рет бас қосады
22.09.2026
13:08
Базарбек түскен жол апатына не себеп болды: «Қа...