Енді мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынады
1049
Италияда мұғалімдерді қорлаған мектеп оқушыларына айыппұл салынатын болды.
Оқушылар мектеп қызметкерлеріне қатысты агрессия немесе зорлық-зомбылық фактілерін жасаса 500 еуродан 10 мың еуроға дейін айыппұл арқалайды.
Осы жылы мектеп мұғалімдеріне қатысты зорлық-зомбылық оқиғалары 110%-ға көтерілгендіктен италиялық мектеп директорлары қауымдастығы бұл заңды қолдаған. Деректерге сүйенсек, бұған дейін көптеген жағдайда мұғалімдерге медициналық көмек қажет болған.
Елдің білім министрі Джузеппе Вальдитара мінез-құлықты бағалау реформасы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын қалпына келтіретінін мәлімдеді. Адамдарға және қоғамдық игіліктерге құрмет көрсетеді және мұғалімдердің беделін қайтарады дейді ол.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...
12.09.2026
14:24
Қарағандыда бір жастағы бала бағана орнатуға қа...
12.09.2026
13:18
Ирактан ұшырылған дрондар Сауд Арабиясындағы ір...
12.09.2026
12:21
Петропавл маңында құрылыс кезінде екі адамның ж...