«Енем айлығымды сұрап алатын». Танымал жайдарманшының әйелі не үшін ажырасқанын айтты

0
296

Танымал жайдарманшы Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі Фариза Алмасқызы не үшін ажырасып кеткендерін түсіндірді, – деп хабарлайды politico.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Фаризаның сөзінше, үйленгеннен кейін 4 жыл күйеуі Нұрсұлтанмен пәтер жалдап тұрған.

«Ол кездегі көріп жүрген вайндарыңыз ешқандай өтірік емес, барлығы шынайы махаббатпен түсірілген етін… Өйткені біз ол кезде ұрыспақ түгілі бір бірімізге даусымызды көтермейтін адам едік. Одан кейін үй салып ауылдан ата-анамызды алып бірге тұрдық. Сол кезден басталды бәрі… 1 жасқа толмаған баламен ол кезде үйде болдым, сосын енем жаймен жұмысқа шық дегенді бастады, оған мен қуанып түсінігі мол екен деп жұмысқа шықтым, одан кейін айлығыңды маған толық әкеліп өткізіп қоятын бол деген әнгімені естідім де аузым ашылған күйінде қалдым, осы уақытқа дейін Нұрсұлтанға ата-енеммен болған конфликттің біреуін айтпағам, ол енді естіп өзі де шок болып жүр, бірақ соның бәрін біле тұра өзін ақтап алу үшін жертва состояниесіне кіріп масқара жазыпты. Одан кейін айлығымды бермеймін, өзіме балаларыма жұмсаймын дедім, өйткені ақшаға мұқтаж кісілер емес, Нұрсұлтан барынша 200 мыңдап 500 мыңдап мамаға да папаға да салып отыратын», – дейді Фариза.

Оның сөзінше, артынша ата-енесі түрлі нәрсе үшін тиісе бастаған.

«Содан бастап тисе бастады, кеш келгенім үшін айқай-шу, шашымды боясам неге бояйсың, қырқсам неге қырқасың, тойға барсам неге барасың? Осының барлығын маған ғана емес Нұрсұлтанға қайта қайта айтып шұқи берген. Ол кісілердің сөзінен Нұрсұлтанның отношениесі өзгере бастады, жиі ұрыса бастадық, жұмыс істемейсің үйде отырасың орамал тағасың деді, жақсы дедім де барлығынан бас тарттым, бірақ өзім жауып жүрген барлық қажеттіліктерімді жауып отырасың дедім. Иа деді де, сол жерде айтылған күйде қалды. Сонда ол кісілердің ойынша мен либо жұмыс істеп барлық айлығымды өткізіп қоюым керек, либо үйде отырып азаннан кешке дейін қызмет қылуым керек, мен жұмыстан қашпаймын, кез-келген әйелдің істейтін тірлігі, барлығы өзім үшін, бірақ элементарно үй жинағаныңды тамақ істегеніңді олар жұмыс деп қабылдамайды екен, одан больше хотят. Сосын балама келсек Айсұлтан диагнозына қарай слишком агрессивный, оның ашуланып жылағанын жаймен қабылдаймын, бірақ атам всегда айқайлап, оны ұру керек, бұндай балаларды ұрып тәрбиелемесе бетімен кетед деген сөзі қатты батқан жүрегіме», – дейді Фариза.

Сонымен қатар, соңғы болған жайт туралы айтқан.

«Нұрсұлтан кешке келген кезде атам екеуімізді шақырып алып, менің көзімше: Нұрсұлтан, сен өнер адамысың, саған әйел табылады, ажырасыңдар!» деді. Сол кезде енемнің айтқан сөзі: иә, бұл біресе шашын бояйды, біресе тойға барады, енді бәрін ұмыт, үйде отырасың ешқайда шықпай» деп таңқалдырды. Дәл солай екеуіміздің бетімізге былш еткізіп айта салды. Ажырасыңдар деген адаммен қалай бірге тұрасың?», – дейді Фариза.

Бұл Фаризаның экс-күйеуінің жазбасына жауап ретінде жазғаны көрінеді. Себебі бұған дейін Нұрсұлтан Жақсыген де жазба жариялап, ол жерде әйелімен не үшін ажырасып кеткенін жазған болатын.

«Ауылдан ата-анамды қалаға алып келіп, қанша ғұмыры қалды дейсің жағдайын жасам немерелерінің алдында мәз болып жүрсін деп едім. Өздері қалаға үйренісе алмай жүргенде келінінен сөз есту қандай қиын десеңші. Екі ортада қалып қойсамда әліптің артын бағып түзелер десем де, енді мені жамандап әлек әлуметтік желіде. Үй болған соң ыдыс-аяқ сылдырамай тұрмайды деп жылы жауып қоя салатындай емес. Жәннатқа жету жолын ерін ата-анасының разылығына, әйелінің жәннатын ерінің разылығына байлап қойған жопқа. Дүние ақша дегенге ешкім жеткен емес, отбасың ойран болып жатса ешнәрсе де керек емес. Ақылға көнейік бізден басқа балапандарымызға кім ата-ана бола алады деген нәрсені де тыңдаған жоқ. Өзі барып арыз беріп, өзі алимент төлетемін деп тартып қалды. Балалар дегенде ет жүрегім езіліп кетердей әкелік махаббатымды быт-шыт қылды. Бізде бәрі болды махаббат да сезім де, үйде ақша да.. тек кешірші менің қателігімді деген иілу болмады», – дейді Нұрсұлтан Жақсыген.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Жақсыген – көпшілікке Жайдарман ойындары арқылы танылған болатын. Ол Жайдарманда Ұлттық құраманың мүшесі болды. Кейінгі жылдары Нұрсұлтан фильмдер мен сериалдарда төбе көрсетіп жүрді.


ПІКІР ЖАЗУ