«Антибиотик сала берген»: Актриса Гүлшат Тутова қызының құлағы не себепті зақымдалғанын ашық айтты
785
Белгілі театр және кино актрисасы Гүлшат Тутова «Мамский әңгіме» подкастында сұхбат беріп, перзентінің денсаулығына байланысты отбасы басынан өткерген күрделі сынақты еске алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесінің айтуынша, қызы сырқаттанып аурухана төсегіне таңылғанда, дәрігерлер оған күшті препараттарды үздіксіз қолданған. Алайда бұл емнен нәтиже шықпай, керісінше жағдайы күрт ушығып кеткен.
«Ауырып ауруханада жатты. Дәрігерлер антибиотиктер сала берген. Кейін тоқтамай іші өтіп, құса берді. Сол кезде енеміз өздерінің емханасына қаратты», – деді актриса.
Аурудың салдары мұнымен тоқтамай, дәрі-дәрмектің кері әсері сәбидің есту қабілетіне тікелей соққы болып тиген.
«Осы кезде құлағына зақым келе бастаған», – деп жан сырын бөлісті өнер иесі.
Гүлшат Тутова бұл кезеңнің отбасы үшін өте ауыр сынақ болғанын айтып, бала күтімі мен ем тағайындау барысында аса сақ болу керектігін ескертті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
14.10.2026
12:48
«Байлар мемлекеттен көмек алмауы керек»: Бектен...
14.10.2026
12:38
«Сізді сағынатын боламын»: Ақмола облысында 38 ...
14.10.2026
12:36
Алматы облысында үкіммен келіспеген сотталушы с...
14.10.2026
12:14
Атыраудың экс-әкімі Шәкір Кейкінге қатысты қылм...
14.10.2026
11:53
Алматыда 50-ге жуық оқушы ауруханаға түсті: ме...
14.10.2026
11:38
«Менің өткен өмірім жоқ»: Дариға Бадықова өткен...