«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердос Қанаев сырт келбетін сынағандарға жауап берді
«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаев желіде өзінің сырт келбетіне қатысты айтылған сындарға жауап беріп, басынан өткерген ауыр қайғысы туралы ашық жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқырмандардың «қартайып кетіпсіз» деген сөздері әншінің жан жарасын қозғап, өткен күндерді еске алуына түрткі болған. Өнер иесі адамның ерте қартаюы тағдырдың ауыр соққыларымен тікелей байланысты екенін жеткізді.
«Алдыңғы рилста «Қартайып кетіпсіз», «Бұл да қартайыпты» деген сынды комменттер жазылған екен. Үміт еткен балаң 10 жасында бақилық болса, артынан асқар тау Әкең о дүниелік болса қартаясың. Көз ілеспес шапшаңдықпен қартаяды екенсің. Күліп жүрген адамның бәрі бақытты емес, түсінгенім!» – деп жазды әнші.
Ердос Қанаевтың жан сыры оқырмандардың қабырғасын қайыстырып, желі қолданушылары өнер иесіне сабыр мен мықтылық тілеп, жарыса қолдау білдіруде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
11:23
12 жылға сотталған ҰҚК подполковнигінің үкімі ж...
29.10.2026
11:20
Жәрдемақыны енді бәріне бірдей бермейді: отбасы...
29.10.2026
10:43
Астанада автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, б...
29.10.2026
10:41
«Бекболат Тілеуханның күйеубаласы еді»: Мырзаха...
29.10.2026
09:37
110 мың теңге жалақы, үш жылдық мораторий: Үкім...
29.10.2026
09:26
Кентауда екі жастың өмірін қиған дәмхана жарылы...