«Еркектің күші бар екені сезіледі» – Хелиф пен Ютин туралы Назым Қызайбайдың пікірі

0
268

Париж Олимпиадасынан қола жүлдегер Назым Қызайбай тестостерон деңгейі жоғары деп күдікке ілінген боксшы қыздарға қатысты көзқарасын айтты.

Алжирлік Иман Хелиф пен тайландтық Лин Ютин Париж Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. 2023 жылғы әлем чемпионатында олар гендерлік сынақтан өтпегендіктен жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Осыған қатысты олар дауға қалды.

Бокс пен жекпе-жекте шашы қысқа, бұлшық еттері ірі қыздар бар. Тіпті алжирлік әйелді алсақ, оның шаш үлгісі мен бұлшық еттері ер адамдікіне ұқсайтын шығар. Екінші жағынан, туабітті генінде ерекшелік, жоғары тестостерон немесе еркек хромосомалары… Ол солай туды және бұл оның кінәсі емес. Бірақ менің ойымша, қандай да бір стандарт болса жақсы болар еді. Мысалы, егер тестостерон деңгейі жоғарыларды шеттеткен дұрыс сияқты, – деді Назым Қызайбай.

Сондай-ақ ол мұндай дау боксшыларға пайдасын да әкелгенін айтты.

Меніңше, бұл оқиға Хелифке пайдасын да әкелді. Басында, әрине, өзін жаман сезінді, қазір оны бүкіл әлем таниды. 2 миллион оқырманы бар. Бұл дау көтерілмесе, әйгілі болмас еді, – деді боксшы.

Оның айтуынша, әрбір боксшы қыз ерлермен спаррингте жұмыс істегендіктен, әйелдердің соққыларын ерлердің соққыларынан ажырата алады.

Ол қыз болғанымен, еркектікіндей күші бар. Бұрыннан білемін, жеңілген кездері де болды. Сонымен бір салмақта жаттыққан құрбым Хелифте еркектің күші бар екені сезіледі, бәрібір ерекшелік бар деп айтатын. Бірақ оның жеңілген кездері де болды, – деді Назым Қызайбай.

Айтуынша, Назымның өзі де бұрын Лин Ютинмен жұдырықтасқан.

51 келіге дейінгі салмақта тайландтық әйелмен бокстастым. 2019 жылғы Азия ойындарында оның бойынан еркектік күшті байқамадым. Тіпті бірінші раундты 5:0 есебімен ұттым, бірақ соңында оның бойы да, қолы да ұзын болғандықтан, 3:2 есебімен жеңілдім, – деді ол.

Фото: championat.com



ПІКІР ЖАЗУ