Еш дәлелсіз жағымсыз пікір жазған қазақстандықтар сотқа тартылуы мүмкін
311
Еш дәлелсіз жағымсыз пікір жазған қазақстандықтарға сотқа шақырту жіберілуі мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте заңгер айтты,-деп хабарлайды politico.kz
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі сұлулық салонында қасын жасатамын деп күйік шалған қыздың оқиғасын айтып берді. Ол 2GIS-те жағымсыз пікір қалдырған кезде, салондағы мамандар ар-намысты қорғау туралы сотқа шағым түсіреміз деп қорқытқан. Заңгер қызға салонның бұған құқығы бар екенін айтқан. "Сонда адам сотта жеңіп шығып, қызмет сапасыз көрсетілгенін дәлелдесе ғана пікір жазып қалдыруына бола ма?", - деп сұрады журналист.
"Интернетте пікір қалдырмас бұрын, шынымен сот-медициналық сараптамадан өтуіңіз керек. Сот шешімінен кейін ғана, расымен косметологиялық орталықта күйіп қалғаныңыз, яғни жүргізілген сапасыз процедура фактісі болса ғана пікір қалдыра аласыз. Әйтпесе қызмет көрсететін адам өзінің іскерлік беделі, ар-намысы мен абыройын қорғауы үшін сотқа жүгінуі мүмкін", - деп түсіндірді "Фемида" қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау орталығы" қоғамдық ұйымының заңгері Лера Абдулхаирова.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
14:41
Жаңаөзен әкімінің экс орынбасары тергеуге ілікті
11.09.2026
14:09
Ақтөбе облысында 17 жастағы оқушының өліміне қа...
11.09.2026
13:31
Чехия билігі БҚО бас полицейінің ата-анасына ти...
11.09.2026
13:20
Тоқаев Жолдауын қашан жариялайтынын айтты
11.09.2026
12:49
«Алла тағала қабыл алды»: Бақытжан Базарбек аур...
11.09.2026
12:44
"Тап қызымды": марқұм Мәдинаның анасы Мадиярмен...