FlyArystan әуе компаниясы 1 жолаушыдан 9,5 млн теңге өндіріп алды
950
FlyArystan әуе компаниясы ұшақтың төтенше жағдайда ғана ашылатын есігін ашқан жолаушыдан 9,5 миллион теңге өндіріп алды.
Нақты айтқанда, әуе компаниясы Шымкенттен Алматыға ұшқан ұшақтың бүйіріндегі есікті ашып жіберген жолаушыны сотқа берген. Нәтижесінде Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты әуе компаниясының пайдасына 9 млн 551 мың теңге шығын өндіру туралы шешім шығарды.
Оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында, Шымкент-Алматы бағытында ұшқан KC7106 рейсінде болды. Ұшақ қонғаннан кейін жолаушылардың бірі 12-қатарда орналасқан және тек төтенше жағдайларда ғана ашуға арналған есікті ашып жіберген. Осылайша, әуе компаниясына 9 551 922 теңге көлемінде шығын келді, - деп хабарлады FlyArystan-ның баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар
29.09.2026
22:03
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Путин — Орталық Азия, Еур...
29.09.2026
21:29
Қасым-Жомарт Тоқаев Франк-Вальтер Штайнмайерді ...
29.09.2026
20:38
Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналым...
29.09.2026
19:17
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Полиция фейк ақпар...
29.09.2026
17:47
Павлодарда кәсіпкерді аса қатыгездікпен өлтірге...
29.09.2026
17:15
Аза тұту күні TikTok-та билеген петропавлдық бл...