Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді
604
Салтанатты іс-шараға миссия командирі генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын өз бетінше орындауға мандат алуы – ел әскери қызметшілері дайындығының жоғары деңгейін және әлемдік аренадағы беделін мойындаудың дәлелі.
БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес Голан биіктігінде 139 қазақстандық қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайды.
- Қазақстанды мемлекеттен тыс жерде таныстыру - үлкен мәртебе және жауапкершілік, - деп атап өтті ұлттық бітімгерлік контингенттің командирі подполковник Жігер Аипов. - Еліміздің көк туы бейбітшілік пен тұрақтылықтың үміттің символы болсын.Қазақстандық бітімгерлік контингент миссия қолбасшысының резервтік ротасы бола отырып, жауапкершілік аймағында патрульдеу, блок-бекеттерін күзету және жарылыс қаупі бар заттарды тазарту жөніндегі міндеттерді орындайды. Бітімгерлік ротаның жеке құрамы миссия штабы орналасқан Фауар базасында шоғырланған. Өздеріне жүктелген міндеттерді тиімді орындау үшін қазақстандық бітімгерлер барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.
Соңғы жаңалықтар
20.09.2026
17:21
Украина Мәскеуге ірі дрон шабуылын жасады
20.09.2026
16:28
Жаңа оқу жылы басталғалы 69 оқушы есірткі қылмы...
20.09.2026
15:28
Ескендір Хасанғалиевтің ұлына жаңа жауапты қызм...
20.09.2026
14:04
Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы үш алтынмен...
20.09.2026
13:24
Екібастұзда тұрғын үй ауласында оқушыны көлік қ...
20.09.2026
12:21
Астанадағы KeshYou концертінде шу шықты: Фан-ай...