«Головкин қолдауын білдірді»: Демеу Жадыраев Олимпиада туралы айтты

0
87

Грек-рим күресінен 77 келіде күміс жүлде алған Демеу Жадыраев финал туралы ойын білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Қаншама еңбек, тәжірибемді Париж Олимпиадасында салдым. Финалға дейін жеттім. Бірақ шешуші белдесу сәл жетпей қалды. Олимпиада атмосферасын тек финалда ғана сезіндім. Басқа турнирлерде 2-орын алсаң да, бұйырғаны деп кете бересің. Ал осы жердегі сезім басқаша. Геннадий Головкин қолдауын білдірді. Көңіл-күйіңді түсірме, еңсеңді биік ұста деді. Қолдау танытқан барша қазақ халқына алғысымды білдіремін. Кешелі бері құттықтап, чемпион атандырып қойды. Бұл эмоцияма әсерін тигізіп, сәл босап қалдым. Басқа жазғанға көнеміз!»

Айта кетейік, греко-рим күресінен 77 келі салмақта бұған дейін еліміздің атынан ешкім Олимпиаданың финалына шықпаған.

Фото: Olympic.kz


ПІКІР ЖАЗУ