Хауа ана Адам атаның бірінші әйелі емес - Тарихшы
1100
Еврейлердің "Көне өсиет" атты қасиетті кітабында құдай Адам мен қатар Лилит атты әйелді де жаратқаны айтылады.. Лилитті еркектің қабырғасынан жаратпаған.
Еврей жұртының "Дүние жаратылған соң 6-күні Құдай ер мен әйелді өзі секілді етіп, бір мезгілде жаратты" деп басталатын сол кітабында "Хауа ананы Адам атаның қабырғасынан жаратты" дейтін жері де бар.. Хауа анамыз Адам атамыздың қабырғасынан жаратылса, екеуі бір мезгілде жаратылуы мүмкін емес қой.. Әлгі кітапқа сенсек, пұшпағы қанамаған Лилит Адам атаға - Екеуміз бір сәтте бірге жаратылдық. Сондықтан екеуміздің құқымыз бірдей! - деп, ерімен жағаласа бергені көрінеді.. Сол қылығы үшін Жаратқан иеміз Лилитті қуып, Адам атамызға қабырғасынан Хауа анамызды жаратып берген дейді. Неге екені белгісіз, кейін түскен Қасиетті кітаптарда Лилиттің есімі түгілі, Адам атамыздың өмірінде өзге әйелдің болғаны да айтылмайды.. Ал әлгі аңызға сенсек, Адамнан ажырасқан Лилит қалған өмірін Адам ата мен Хауа анамыздың аяқтарынан шалып, орталарына от тастап, кесірін тигізумен өткізіп, "бедеулік пен мекерліктің" символына айналған деседі.. Қалай болғанда Ұлы Микеланджело Сикст капелласына салған фрескаларында Лилитті әйел басты, жылан құйрықты етіп бейнелеген.. Мынау заңға түрлі себеппен еркексіз қалған әйелдер қуанышты екенін аңғарған шығарсыздар. Кейбірі өздері секілді бақытсыз әйелдердің көп болғанын қаласа, екінші біреулері басы бос еркектердің көп болғанын қалайды.. Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫСоңғы жаңалықтар
24.02.2026
19:07
Атырау облысында ерлі-зайыптыны өлтірді деген к...
24.02.2026
17:38
Талғардағы оқушы қызды зорлау ісі: анасы Презид...
24.02.2026
17:24
«Тым қатаң жаза»: Яна Легкодимованың өліміне кі...
24.02.2026
17:07
Атыраудағы қанды қылмыс: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ...
24.02.2026
16:08
ҰҚК полковнигі сотталды
24.02.2026
15:02
Пәтер мен 20 миллион ұсынған: Қыз зорлады деген...