Илья Ильин маскүнемдіктен емделіп жатқан чемпион досының жағдайын көрсетті
530
Қазақстандық ауыр атлет, әлемнің 4 дүркін чемпионы Илья Ильин маскүнемдіктен оңалту орталығында емделіп жатқан әріптес досы Алмас Өтешовтің қазіргі жағдайын көрсетті.
Уәде еткенімдей, сіздерге Алмас досымның хал-жағдайын көрсеткелі отырмын. Қазір оның жағдайы жақсы. Астанадағы Soul Clinic оңалту орталығында емделіп жатыр. Ендеше, осы қиын жолда оның сауығып кетуіне күш-қуат тілейік, - деді Илья Ильин.
Сондай-ақ ол қасында отырған Алмас Өтешовтен көрерменге бір-екі ауыз сөз айтуын сұрады. Өз кезегінде досы енді «қазақ еліне қасық қаны қалғанша қызмет ететінін», ауыр атлетикадан шәкірт тәрбиелеп, Олимп шыңына жеткізетінін уәде етті.
Еске сала кетсек, бұған дейін Азия чемпионы Алмаз Өтешов «Уақыт көрсетеді» подкастында өзінің қиын кезеңдерді бастан өткергенін айтқан еді. Оның қазір күзетші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.
Соңғы жаңалықтар
24.06.2026
23:34
Алматыда жалған дәрі шығаратын жасырын өндіріс ...
24.06.2026
22:26
Астанада лифтпен “төбелескен” ер адамның үстіне...
24.06.2026
21:24
Қазақстанда автокөліктерге жаңа мемлекеттік нөм...
24.06.2026
20:21
Дрон шабуылдарынан кейін Ресей Қазақстаннан 50 ...
24.06.2026
19:14
«Қол-аяғымды байлап қоятын»: 90 жастағы қария ұ...
24.06.2026
18:25
«Дұға оқып, жыладық»: SCAT ұшағы дауыл салдарын...