Кәсіпкер бола алмаған әйел өзіне курс сатқан ЖШС-ын сотта жеңіп шықты
636
«Мой город» порталының жазуынша, оралдық әйел кәсіпкер болып кету үшін ЖШС-ға 1,6 млн теңгесін төлеген. Одан бөлек, миллиондаған ақы төлеп, шетелден үй сатып алған.
Ол 2023 жылы жылжымайтын мүлікті сатудан табыс табуды үйрететін ЖШС-мен шарт жасасқан. Оқу үшін әйел 1,6 миллион теңге төлеген. Кейін ЖШС-ның ұсынысы бойынша ол Дубайдан 1 бөлмелі пәтер сатып алу үшін БАӘ-ге 18 мың дирхам (шамамен 2,3 миллион теңге) және 40 мың дирхам (шамамен 5,2 миллион теңге) аударған.
Шарт бойынша бір жыл ішінде ол курста алған теориялық және практикалық білімдерін пайдалана отырып, 1,6 миллион теңгені табуға, сондай-ақ жобалардан инвестициялық пайда алуға тиіс болатын. Егер бұл орындалмаса, ЖШС оған оқуға жұмсаған бар ақшасын қайтарып беретінін айтқан.
Пәтерді сата алмаған әйел инвестициядан да пайда көрмеген. Ол ЖШС-дан 3,2 миллион теңге өндіріп алуды талап етіп, сотқа жүгінді. Сот оның талабын қанағаттандырды.
Фото: 24.kz
Соңғы жаңалықтар
02.04.2026
18:30
Қазақстанда жекеменшік мектептерге қаржыландыру...
02.04.2026
17:50
Павлодарда кран жүргізуші биіктен құлап кетті
02.04.2026
17:40
Астанада оқушыларға дөрекілік танытқан мұғалім ...
02.04.2026
16:36
Қостанайда полицейді сабаған үш бұзақы елімізді...
02.04.2026
16:16
Балалар қоршаудан ұшып кетті: Жетісу облысында ...
02.04.2026
16:05
Қазақмыс геологтардың жұмыс жағдайын жақсартуға...