«Келешек» бағдарламасы қандай мүмкіндік береді

20.06.2024
15:34
0
174
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «Келешек» бағдарламасына қатысты түсінік берді,-деп хабарлайды politico.kz
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді. Құжат жобасы қазіргі кезде қарау үшін Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілді.
Атап айтқанда, «Келешек» жүйесі үш негізгі міндеті ескеріп отыр. Бұл тұрғыда білім алу мүмкіндігін кеңейту, мемлекеттік қолдаудың барлық іс-шараларын бірыңғай жүйеге шоғырландыру, сондай-ақ әрбір ата-ана баласының кішкентай кезінен оқу траекториясын құра алатын жүйені құру тәртібі қамтылмақ. Былтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырды.«Келешек» жүйесі мемлекеттен бастапқы білім беру капиталын, мемлекеттік сыйлықақыны жыл сайын төлеуді, инвестициялық табысты көздейді. Бұл жинақтар «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қалыптастырылған қаражатпен бірге балаларға сапалы білім алуға мүмкіндік береді»
«Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақ пен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жас ұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады», - деді Президент.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

16.09.2025
20:58
Алматы облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

16.09.2025
20:48
Баян Алагөзова шетелде ауруханаға түскен
16.09.2025
19:01
«Қадағалауға деген құмарлығыңызды қадағалаңыз»:...

16.09.2025
18:19
«Қоя салшы»: Гүлзира Айдарбекова ән саламын деп...

16.09.2025
18:07
"Әлгі бір құттықтауға ұқсайды": Ұшақ бортында а...

16.09.2025
17:23
«Саған ешкім ештеңе айта алмайды»: Назым Қызайб...