"Кептер жедік": Мөлдір Әуелбекова балалық шағын еске алып, жұртты күлкіге қарқ қылды
734
Отандық эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова балалық шағын еске алып, жұртты күлкіге қарқ қылды. Ол көпшіліктен кептер жегендердің қатарында кім бар екенін сұрады,-деп хабарлайды politico.kz
Мөлдір Әуелбекова видеоны Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. "Картоп күйесімен мейлі ғой. "Бала кезде неге біз кептер жедік екен?” - деп ойланып отырмын. Кептер жегендер барсыңдар ма?" - деді әнші.Мұны көрген көпшілік өнер иесін қолдай кетті. Олар да балалық шағын еске алып, естеліктерін жазды.
"Бармыз", "Сорпалататын едік қой", "Қой бағып жүріп, осылай картопты күйдіріп жеуші едік", "Бала кезде осылай жейтінбіз", "Ас болсын", "Күйген картоп ерекше ғой", "Кептерді жемеңдер, ол – бейбітшілік құсы", ""Жедік, ет сатып алып жеу қиын еді ғой", "Есімде, дәмі күшті еді ғой", - деп күлді көпшілік.
Соңғы жаңалықтар
11.09.2026
23:29
Петропавл маңында жойқын өрт шықты: 110 адам ті...
11.09.2026
23:08
Тоқаевтың өкімімен Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын...
11.09.2026
22:00
Маңғыстауда жол жөндеп жүрген екі жұмысшы қаза ...
11.09.2026
21:16
Ерлан Қарин қоғамдағы тәртіп пен құндылықтар мә...
11.09.2026
20:06
Түркістан әуежайында ұшақ ұшу жолағында істен ш...
11.09.2026
19:43
Астанада полицияға шағымданған әйелдің өзі жауа...