"Кімнің кім екенін білдік": Қайрат Нұртастың інілерімен түсірген видеосы елді күлдірді
2061
Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың әкесі мен інілерімен түсірген видеосы тарап, елді күлдірді. Бейнежазбада жұлдызды жанұя өкілдері туралы ел білмейтін жайттар айтылды.
Ерекше отбасылық видеоны Instagram желісіне Заңғар Нұртас жариялап қойған. Бейнежазбада Нұртас Айдарбеков ерекше тәсілмен ұлдарының бойындағы қасиеттерін айтып шығады.
Ол ұлдарының артында тұрып, келіні қойған сұрақтарға жауап берген. Соның арқасында көпшілік Қайрат Нұртастың отбасында ең көп кешігетін әрі ең көңілді және жомарт жан екенін білді.
Әкесінің айтуынша, Заңғар Нұртас ағаларына қарағанда жақсы оқып, үй шаруасына көп көмектеседі. Ал Аян Нұртас жанұясында тамақты ең көп жеп, заттарды жиі жоғалтатын адам екені белгілі болды.
Желі қолданушылары аталмыш видеоға түрлі пікір қалдырып, қызу талқы ұйымдастырды.
"Әкесінің қасында үшеуініңде күлкісі, сәби күлкі. Әкелеріне еркелеген құлыншақтар", "Өте күлкілі видео екен", "Сондай ерекше отбасылық сәт", "Бақыт деген осы", "Өте көңілді видео екен. Осындай контент көбірек салып тұрсаңыздаршы", "Кімнің кі екенін білдік", - деп жазуда көпшілік.
Соңғы жаңалықтар
12.09.2026
21:34
Гүлмира Ізбасхан: Шашым мен татуировкам үшін Құ...
12.09.2026
21:00
Баян Алагөзова: Балаларыма аз уақыт бөлдім деп ...
12.09.2026
17:16
Алматы облысында шатқалда жоғалған жеті оқушы м...
12.09.2026
16:23
188 адам жаппай уланып, 15 бала ауруханаға түст...
12.09.2026
15:34
Назарбаевтың 21 жастағы ұлы Тауман үйленгелі жатыр
12.09.2026
14:55
Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, екі жасар ба...