Көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар - Президент
1822
Көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Қазір көптеген азаматтың мойнында бірнеше несие бар екені жасырын емес. Бұл – өте өзекті мәселе, қоғамдық қатер десек те болады. Сондықтан осы бағытта арнайы заңдар қабылданды. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігі тиетін басқа да көптеген шара қолға алынды. Сіздер бұл жұмыспен тікелей айналысып, халықпен әрдайым тығыз байланыста болдыңыздар. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні сөзсіз, - деді президент.Ол депутаттарға табанды еңбектері үшін ризашылығын білдірді. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайтынын да еске салып қойды. Өйткелі алда әлі де атқаратын шаруа көп. Фото: Ақорда
Соңғы жаңалықтар
24.03.2026
18:00
Қазақстан бензин бағасы арзан елдер қатарына енді
24.03.2026
16:34
Ұлытау облысында Наурыз мейрамына «Қазақмыс» эт...
24.03.2026
16:11
«Үш адам көз жұмды»: Алматыда елді дүрліктірген...
24.03.2026
15:10
«Алматыда жол апатынан үш адам көз жұмды»: қаза...
24.03.2026
14:31
Ақмола облысында шахтада күзетші өлі табылды
24.03.2026
13:33
Тоқаев танымал қазақстандық альпинистке «Еңбек ...