Ер адам туған қызын әлеуметтік желідегі парақшасын өшірмегені үшін өлтіріп тастады

Пәкістанда TikTok парақшасын жоюдан бас тартқан қызы әкесінің қолынан қаза тапты. Бұл туралы AFP агенттігі жазды.
Оқиға Исламабадқа жақын орналасқан Равалпинди қаласында болған. Полиция мәліметінше, 17 жастағы қыздың әкесі одан TikTok-тағы парақшасын жабуды талап еткен. Алайда ол бас тартқан соң, әкесі оны атып өлтірген.
Құқық қорғау органдары ер адамды ұстап, тергеу амалдарын бастағанын растады.
Қыздың TikTok-та шамамен бір миллионға жуық оқырманы болған. Ол парақшасында сүйікті кофеханалары, тері күтімі өнімдері мен киім үлгілері туралы бейнежазбалар жариялап отырған.
Полиция өкілдері бұл жағдайды «отбасы намысына байланысты қылмыс» санатына жатқызды. Пәкістанда мұндай оқиғалар сирек емес, алайда соңғы жылдары қоғам тарапынан сын күшейіп, қатаң шаралар қабылданып жатыр.
Соңғы жаңалықтар





