Өлі туылған сәби жерлеуге бірнеше сағат қалғанда тіріліп кетті

Өлі туылған сәби жерлеуге бірнеше сағат қалғанда тіріліп кетті
12.07.2025 10:13
0
668
pixabay.com

Үндістанда өлі туған нәресте жерлеу рәсіміне дайындық кезінде тіршілік белгілерін көрсетті.

Бұл туралы The Times of India басылымы хабарлайды.

Оқиға Махараштра штатындағы Свами Рамананда Тиртха атындағы медициналық колледж ауруханасында болған. 31 жастағы жергілікті тұрғын жүктіліктің 27-ші аптасында ауруханаға жеткізіліп, шұғыл түрде кесар тілігі арқылы босанды. Салмағы 900 грамм болатын ұл бала дүниеге келген.

Акушерия және гинекология бөлімінің меңгерушісі Ганеш Тондагенің айтуынша, бала туғаннан кейін айқайламаған және қимылдамаған. Дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, нәресте өмір белгілерін көрсетпеген. Бір сағат өткен соң анасының көзінше оны ресми түрде қайтыс болды деп жариялаған.

Осыдан кейін нәресте бір түн ауруханада қалдырылып, артынша туыстарына берілген. Нәрестенің ағасы Дип Рах мәйітті отбасының үйіне алып барғанын және жерлеуге дайындағанын айтқан.

«Баланы ақ матамен орап жатқанымызда, ол кенеттен қозғалып, кейін жылап жіберді», — дейді Рах.

Туыстары нәрестені бірден ауруханаға қайта апарып, дәрігерлер оны жасанды тыныс алу және өмірді қамтамасыз ету құрылғыларына қосқан. Дәрігерлердің айтуынша, балаға ұзақ уақыт бойы қарқынды күтім қажет. Қазіргі уақытта мамандар оның өмір сүру мүмкіндігіне қатысты нақты болжам бермей отыр.

Нәрестенің отбасы медицина қызметкерлеріне ешқандай наразылық білдірмейтінін айтып, олардың баланы аман алып қалу жолындағы әрекеттерінің куәсі болғандарын атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий