«1 айлық баласы бар»: Қызылордада ер адам досымен бірге 16-дағы қызды зорлаған

03.04.2026 16:45 Арман Ермеков
«1 айлық баласы бар»: Қызылордада ер адам досымен бірге 16-дағы қызды зорлаған
592
Фото: UNPFA

Қызылорда облысында 29 жастағы ер адам 16 жастағы қызды досымен бірге күштеп әкетіп зорлаған және осы оқиғадан кейін жасөспірім босанып үлгерген, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Human Rights Lawyers қорынан көмек сұраған 16 жастағы қыздың оқиғасын құқық қорғаушы Ләззат Рақышева әлеуметтік желіде жазды. Оның мәліметінше бұған дейін көлік ұрлағаны үшін сотталған 29 жастағы күдікті досымен бірге қызды күшпен көлікке мінгізіп пәтерге апарған және таңға дейін зорлық көрсеткен. Осы оқиғаның салдарынан жасөспірім жүкті болып, баланы дүниеге әкелген. Қазіргі уақытта нәресте 1 айлық.

«Қызға тергеушілер мен күдіктінің туыстары тарапынан қысым жасалып жатыр. Қамқоршылық органдары мен басқа да мемлекеттік құрылымдар неге уақытылы қорғауды қамтамасыз етпеді және неліктен тергеушілер жәбірленушіге үнемі қысым көрсетеді», – деп жазды Ләззат Рақышева.

Қызылорда қаласының полиция басқармасы зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап күдіктіні қамауға алды. Полиция қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий