10 күн ішінде бюджетке тексеріс жүргізіледі: Бектенов салық кодексін қайта жазуды тапсырды
0
302
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов үкіметте өткен кеңесте бюджет шығыстары толығымен экономикалық табыс әкелуге бағытталып, өнімсіз шығыстар толығымен жойылуы керектігін атап өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
"Қаржы министрлігі 10 күн ішінде республикалық бюджетке және бір ай ішінде жергілікті бюджеттердің барлығына ревизия жүргізіп, аса маңызы жоқ шығыстарды айтарлықтай қысқартуы тиіс. Ешкім де ақшаны орынсыз шашпауы керек", — деді Олжас Бектенов.
Cонымен қатар Бектенов Салық кодексінің жобасын қайта жазып, оның философиясын өзгерту қажеттігін атап өтті.
"Сарапшылар мен бизнес қоғамдастықтарының пікірлерін ескеру қажет. Салық кодексі бизнестің белсенді болуына жағдай жасап, оны ұлғайтуға ынталандыруы керек", — деп тапсырды ол.
Бектеновтің айтуынша, құжатты дайындау кезінде әкімшілендіруді толық цифрландырып, салық жеңілдіктерін беру мәселесін реттеу қажет.
Жалпы премьер-министр бизнеске фискалдық шығындар мен әкімшілік жүктемелерден қорықпай, "өсу" қағидаты бойынша жұмыс істеу үшін тиімді жағдай жасау қажеттігін атап өтті.
*
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
16.12.2025
22:23
"Үлкен той болады": Жанболат пен Жазира болашақ...
16.12.2025
21:38
Димаштың қарындасының видеосы қызу талқыға түсті
16.12.2025
20:28
Боксшы сыйлыққа алған көліктерін сатуға көшті
16.12.2025
18:59
Ресейде жасөспірім мектепке шабуыл жасап, оқушы...
16.12.2025
17:52
Қазақстанда Жаңа жылға орай кімдерге әлеуметтік...
16.12.2025
17:10
Сауд Арабиясында биыл 340 адам өлім жазасына ке...