Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі адам қаза тапты

Алтын іздеп ажал құшты: Бестөбеде екі күнде екі адам қаза тапты
Фото: Казинформ

Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінде екі күн ішінде екі заңсыз алтын іздеуші көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Тағы бір ер адам жарақат алған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Алғашқы қайғылы жағдай 14 қазанда «Новая» шахтасында болған. Мәлімет бойынша, шахтаның 295-горизонтында тау жыныстары опырылып, 41 жастағы ер адам үйінді астында қалған. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.

Осы оқиға кезінде тағы бір ер адам зардап шеккен. Оның басынан жарақат алып, денесі көгергені белгілі болды. Зардап шеккен азамат аман қалған.

Арада бір күн өткенде, 15 қазан күні таңертең аталған шахтада тағы бір заңсыз алтын іздеуші қаза тапқан. Алдын ала мәліметке сәйкес, шахта «Қазақалтын» компаниясына тиесілі. Алайда ер адамның нақты қандай жағдайда көз жұмғаны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, «қара старательдер» деп алтын құрамды кенді заңсыз өндіру үшін шахталарға рұқсатсыз түсетін адамдарды атайды.

Қазіргі уақытта полиция екі адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғап, оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Войдите, чтобы оставить комментарий