“Мүмкін, әбден мүмкін!”: Дана Уайттан Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы туралы күтпеген жауап
UFC президенті Дана Уайт қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен эквадорлық Майкл Моралес арасындағы ықтимал жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, қос жеңілмеген файтердің октагонда кездесуі әбден мүмкін.
Қазіргі уақытта Шавкат Рахмоновтың да, Майкл Моралестің де кәсіби рекордында 19 жеңістен бар. Екі спортшы да жартылай орта салмақта өнер көрсетеді.
Дана Уайттың сөзінше, UFC басшылығы бірнеше маңызды жекпе-жекті талқылап жатыр. Олардың қатарында қазақстандық файтердің эквадорлық спортшымен кездесуі де болуы мүмкін. Алайда әзірге бұл жекпе-жек ресми түрде жарияланған жоқ.
«Мүмкін, әбден мүмкін. Қазір бізде талқыланып жатқан көптеген қызықты жоспар бар. Жақын арада бірнеше жақсы жаңалық жарияланады деп ойлаймын. Жылдың соңы керемет болады, ал қаңтар мен ақпан айлары да жанкүйерлер үшін қызықты өтеді», – деді Дана Уайт.
Айта кетейік, егер бұл жекпе-жек ұйымдастырылса, жеңіліс көрмеген екі спортшының кездесуі UFC жанкүйерлері үшін үлкен қызығушылық тудыруы мүмкін. Қазірше ықтимал айқастың нақты күні мен өтетін орны туралы ресми ақпарат жоқ.
Соңғы жаңалықтар