«100 шақты ән шығарып келдім»: Мұрат Әбділда телеарнаға сұхбат берді
1024
Ұлтаралық алауыздық тудырды деп айыпталған Мұрат Әбділда бостандыққа шығып, қолдау білдірген ағайынға алғыс айтты.
Бұл ретте ол абақтыдан шығып, туған ауылына барды. Одан кейін Turkistan TV арнасына сұхбат берді.
Маған қолдау білдірген барлық жандарға алғыс білдіремін. Екі жылда көп дүние өзгеріпті. Ауылым да өзгерген. Орталарыңызға оралдым. Еліміз тыныш болсын! Жол бойы далаға көз тастап келдім. Туған үйге жететін жер жоқ екен! Мен өз арқамда шыққам жоқ. Қаншама рет түзету мекемесінің есігін тоздырған адамдардың арқасында бостандықтың таңын көрдім. Абақтыда отырып, 100 шақты ән шығарып келдім. Өмірімді түгелімен шығармашылыққа арнаймын, – деп ағынан жарылды блогер.Еске сала кетсек, сот абақтыдағы блогер Мұрат Әбділданың бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыру туралы арызын қанағаттандырмаған еді. Жалпы, ол 2022 жылы желіде әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық алауыздықты қоздырғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Фото: otyrar.kz
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
08:28
«Қасымда болуы тиіс бауырларым енді жоқ»: Каспи...
04.10.2026
17:29
Қазақстанның батыс өңірлерінде алғашқы қар жауды
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...