«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сайда жартасқа жазу жазған ер адам жұрттың ашуын туғызды

04.10.2026 • 16:32 Қарақат АСЫЛОВА
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сайда жартасқа жазу жазған ер адам жұрттың ашуын туғызды
345
Видеодан кадр

Маңғыстау облысындағы Ыбықты Сай шатқалында вандализм әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Кадрларда ер адамның белгісіз затпен жартас бетіне жазу жазып жатқанын көруге болады.

Әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары табиғи нысанды бүлдірген азаматтың жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартуды талап етуде.

«Неге өз есімдерін көліктеріне таспен жазбайды?», «Осындай әрекетке не итермелейді?», «Қасында сонша адам тұрса да, ешкім тоқтатпағаны қалай?» – деп жазды пікір қалдырушылар.

Кейбір қолданушылар ер адамның жақын арада анықталып, жауапқа тартылатынына сенім білдірсе, енді бірі мұндай әрекет үшін қомақты айыппұл салынуы мүмкін екенін жазған.

Әзірге видеодағы ер адамның кім екені белгісіз. Сондай-ақ аталған дерек бойынша полиция тексеру жүргізіп жатқаны туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Войдите, чтобы оставить комментарий