11 көлік ойнатқан блогер Жанабыловтардың соты өтіп жатыр

13.03.2026 16:13 Әсел Мұрат
11 көлік ойнатқан блогер Жанабыловтардың соты өтіп жатыр
126
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астанада блогерлер Жанабыловтар отбасының ісіне қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділбек Баймаханов қарап жатыр.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі сотқа дейінгі тергеу жұмыстары толық аяқталғанын және іс материалдары сотқа жолданғанын мәлімдеген болатын.

Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілерге Қылмыстық кодексnің 214-бабы 2-бөлігі бойынша айып тағылып отыр. Аталған бап заңсыз кәсіпкерлік қызметке, соның ішінде лицензиясыз банктік немесе микроқаржылық операцияларды жүргізуге қатысты жауапкершілікті қарастырады. Сондай-ақ бұл норма қылмыстық топтың қатысуымен немесе ірі көлемде залал келтірілген жағдайда қолданылады. Мұндай құқықбұзушылық үшін мүлікті тәркілеу, айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру секілді жазалар қарастырылған.

Сонымен қатар Жанабыловтар отбасына Қылмыстық кодекстің 218-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша да айып тағылған. Бұл бап қылмыстық жолмен алынған қаржы мен мүлікті заңдастыруға, яғни халық арасында «ақшаны жылыстату» деп аталатын әрекеттерге қатысты.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Ерболат Жанабылов пен оның жұбайы Эльмира Төлегенова әлеуметтік желілер арқылы түрлі жүлде ұтыстарын ұйымдастырып, сондай-ақ ақылы оқыту курстарын сатқан. Бұған дейін сот оларды үйқамаққа алған болатын. Егер кінәcі дәлелденсе, оларға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралып жатыр. Сот отырысы барысында айыпталушылардың жұбайы олардың бейнесін жарияламауды сұрады. Судья бұл өтінішті қанағаттандырды. Соған қарамастан, сот процесін ашық форматта өткізу туралы шешім қабылданды.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі бұған дейін блогерлердің үйқамаққа алынғанын хабарлады.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, Instagram әлеуметтік желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты өзіне тіркелгендердің сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған.

«2025 жылы онлайн-курс сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Ол «курстарды» сатып алғандар қымбат сыйлықтар ұтысына қатысатын болған. Таратылған видеоның басым бөлігі ашық дереккөздерден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін формалды түрде жасыру үшін ғана пайдаланылған», – делінген ақпаратта.

Жүлде қоры жеке қаражаты есебінен емес, онлайн-курстарға ақы төлеп қатысқандардың ақшасы есебінен қалыптастырылған.

Тергеу барысында электронды «сәттілік барабаны» параметрлерін өзгерту фактілері анықталған. Нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий